Жоғарғы сот төрағасы Мәслихаттар депутаттары сайлауында дауыс берді

АСТАНА. KAZINFORM — Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиев Мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді.

Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

Асламбек Мерғалиев Астана қаласындағы Quantum TECH School мектебінің ғимаратында орналасқан №169 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Фото: Kazinform

Жоғарғы Сот Төрағасы елорда тұрғындарымен бірге Мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысып, өз таңдауын жасап, бюллетеньді сайлау жәшігіне салды.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттары сайлауында сағат 14:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 45,46 % дауыс берді.