Жоғарғы сот төрағасы міндеттемені орындамайтын инвесторларды парасатты болуға шақырды

Фото: Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM – Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиев инвесторларды заң талаптарын сақтап, парасаттылық танытуға шақырды.

- Былтыр Астананың әкімшілік соты инвестиция істердің тек 17 пайызында ғана инвестордың талабын қанағаттандырмайтын шешім шығарды. Ақшаға шақсақ, елорданың әкімшілік соты ғана 100 млрд теңге көлемінде инвесторлардың құқығын қорғап қалды. Соттар істерді қараған кезде кейбір шенеуніктердің үстінен де шара қолданып, тәртіптік жаза тағайындады. Бизнеске, инвесторларға да парасаттылық танытып, заңды сақтау қажет. Соттар инвесторлардың экологиялық келісімшарт, келісім міндеттемелері бойынша заң бұзғанын тіркеп отыр. , - деді Жоғарғы сот төрағасы инвестициялық форумда.

Оның сөзінше 2021-2023 жылдары Астананың әкімшілік сотына инвесторлардан 288 шағым түскен. Ал 2024 жылы 152 іс қаралған.

- Бұл оның алдындағы 2,5 жылдағы көрсеткіштің жартысынан көп, - деді Асламбек Мерғалиев.

Айта кетейік, Астанада Жоғарғы соттың ұйымдастыруымен инвестициялық форум өтіп жатыр. Оған тиісті сала басшыларымен бірге Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Мачей Мадалински қатысып отыр.