— Қазақстан Президентінің ұсынуы негізінде және Конституцияның 55-бабының 1-тармақшасына, «ҚР Сот жүйесі мен судьяларының мәрбесі туралы» Конституциялық заңына сәйкес, Парламент Сенатына Ерлан Қосмұратовты басқа лауазымға тағайындалуына байланысты Жоғарғы сотының судьясы қызметінен босату ұсынылды, — деді Парламент Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Нұрлан Бекназаров.
Сенаторлар бұл ұсынысқа қолдау білдіріп дауыс берді.
Атап айтқанда, наурыз айының басында Ерлан Қосмұратов Жамбыл облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды.
Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында Сенат ҚР Жоғарғы сотының үш судьясы қызметінен босатқан еді.