Жоғарғы палатадағы – жаңа есімдер: Жаңа сенаторлар жайлы не білеміз

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тамыздың бүгінгі дүйсенбісі Парламент Сенатына жаңа депутаттардың келуімен есте қалатын болды. Ал Жоғарғы палатаға жайғасқан жаңа депутаттар жайлы не білеміз? Осы ретте оқырманды тыңнан қосылған халық қалаулыларының өмірбаянымен таныстыра кетуді жөн көрдік.

БірғанымӘйтімова мен Асқар Бейсенбаевтың өкілеттіктерінің тоқтатылуы Сенатқажаңа депутаттардың келетінін білдірген еді.

Парламенттіңжаңалығы өзін көп күттірген жоқ. «Мемлекет басшысының Жарлықтарымен ҚазақстанРеспубликасы Парламенті Сенатының депутаттары болып Нұртөре Байтілесұлы Жүсіппен Асқар Оразалыұлы Шәкіров тағайындалды», деп хабарлады Ақордадан.

Осылайша,журналист, Қазақстан Республикасы Гуманитарлық ғылым академиясының, ҚазақстанРеспубликасы Журналистика академиясының академигі, БАҚ саласындағы ҚазақстанРеспубликасы Президенті сыйлығының және Қазақстан Журналистер одағыныңБ.Бұлқышев атындағы сыйлығының лауреаты Нұртөре Байтілесұлы ЖҮСІП Сенатдепутаты атанып отыр.

НұртөреБайтілесұлы ЖҮСІП 1961 жылы 29 сәуірде Қызылорда облысының Шиелі ауданындадүниеге келді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Павлодароблыстық «Қызыл ту» газетінің тілшісі, көлік және коммуникациялар бөлімініңмеңгерушісі, бас редакторының орынбасары қызметін атқарған. 1990-1996 жылдары -«Егемен Қазақстан» газеті экономика бөлімінің меңгерушісі, бас редакторыныңорынбасары. 1996-2002 жылдары - «Жас алаш» газетінің бас редакторы. 2002-2005жылдары - «Ақ Жол Қазақстан» газетінің бас редакторы. 2005-2006 жылдары -«Егемен Қазақстан» газетінің бас директоры. 2006-2008 жылдары - «Астана хабары»газетінің бас редакторы. 2008 жылдың ақпанынан осы тағайындауға дейінсаяси-қоғамдық «Айқын» газетінің бас редакторы.

Оның«Біз кімнен кембіз», «Қазақтың қызы», «Елес пен белес» атты публицистикалықжинақтары жарық көрген. «Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған.

АлАсқар Оразалыұлы Шәкіров осыған дейін Қазақстан Республикасындағы Адамқұқықтары жөніндегі уәкіл қызметін атқарып келген болатын.

ОлҚарағанды қаласында туған. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттікуниверситеті жанындағы Азия және Африка елдері институтын, КСРО Ішкі істерминистрлігі академиясының адъюнктурасын бітірген. 1978-1987 жылдары - КСРО Ішкіістер министрлігі академиясының адъюнкты, инспекторы, аға инспекторы, ғылымиқызметкері. 1987-1989 жылдары - КСРО Ішкі істер министрлігі сыртқы байланысбөлімінің, 1989-1992 жылдары - КСРО Ішкі істер министрлігі Бүкілодақтықғылыми-зерттеу институты бөлімінің бастығы.

1992-1995жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Келісімшарт-құқықбасқармасы бастығының орынбасары, басқарма бастығы. 1995-1996 жылдары -Қазақстан Республикасының Корей Республикасындағы Уақытша Сенімді Өкілі, 1996жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмаларжөніндегі Елшісі. 1996-1998 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істерминистрінің орынбасары, 1998-2004 жылдары - Қазақстан Республикасының ҮндістанРеспубликасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2004-2006 жылдары - ҚазақстанРеспубликасы Сыртқы істер вице-министрі. 2006-2007 жылдары ҚазақстанРеспубликасы Қаржы министрлігі Кеден комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған.

СССР-дыңІІІ дәрежелі «За безупречную службу» медалімен, Қазақстан Республикасының«Астана», «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», «ҚазақстанКонституциясына 10 жыл», «Халықаралық әскери достастықты дамытқаны үшін»медальдарымен, Ресей Федерациясының «За укрепление таможенного содружества» медалімен,Қырғызстан Республикасының «За укрепление таможенного сотрудничества» медаліменмарапатталған.

Аталғанәріптестермен бір Палатада Дана Нұржігіт, Ләззат Сүлеймен, ҚанатбекБейсенбекұлы Сафинов та қызмет атқаратын болды. Сондай-ақ, бұдан бұрын Баспрокурордың орынбасары болған Андрей Иванович Лукин де сенатор атанса, ДариғаНұрсұлтанқызы Назарбаева мен МұхтарҚұл-Мұхаммед Сенат депутаты болып қайта тағайындалды.

ДариғаНұрсұлтанқызы Назарбаева 1963 жылы Қарағанды облысының Теміртау қаласындатуған. 1983 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетініңтарих факультетін, 1985 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттікуниверситетінің тарих факультетін бітірген. 1985-1987 жылдары - М.В. Ломоносоватындағы Мәскеу мемлекеттік университеті тарих факультетінің тағылымдамаданөтуші-зерттеушісі. 1987-1990 жылдары - М.В. Ломоносов атындағы Мәскеумемлекеттік университетінің аспиранты. Саяси ғылымдар докторы, тарихғылымдарының кандидаты. 1992-1994 жылдары - «Бөбек» балалар қайырымдылыққорының вице-президенті. 1994-1995 жылдары - «Қазақстан теледидары мен радиосы»республикалық корпорациясының вице-президенті, «Хабар» Ұлттық телевизиялықақпарат агенттігінің директоры. 1995-1998 жылдары - «Хабар» Агенттігі»республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры. 1998-2001 жылдары -«Хабар» агенттігі» ЖАҚ-ның президенті. 2001-2004 жылдары - «Хабар» агенттігі»ЖАҚ-ның директорлар кеңесінің төрайымы. 2004-2007 жылдары - ІІІ сайланғанҚазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Республикалық «Асар» партиясыныңтізімі бойынша сайланған депутаты, «Аймақ» депутаттық тобының жетекшісі.2007-2012 жылдары - «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қоры» қоғамдыққорының директоры. 2012-2014 жылдары Қазақстан Республикасы ПарламентіМәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы. 2014-2015жылдары - ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары. 2015 жылғы қыркүйектенҚР Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс жәнеқауіпсіздік комитетінің төрайымы болды. 2019 жылдың наурызынан ҚР ПарламентіСенатының төрағасы болды.

«НұрОтан» ХДП саяси кеңесінің мүшесі. 2001 жылдан бастап Еуразиялық медиа-форумыныңұйымдастырушысы және ұйымдастыру комитетінің төрайымы. «Құрмет», «Парасат»орденімен және Франция Республикасының Әдебиет және өнер орденіменмарапатталған. Ағылшын, итальян, неміс тілдерін меңгерген.

ДариғаНазарбаевамен бірге Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед те Сенат депутаты болып қайта тағайындалып отыр. Ол 1960 жылы 12 желтоқсанда Қытай Халық РеспубликасыныңШәуешек қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінтәмамдаған. 1982-1992 жылдары «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясының ғылымиредакторы, аға ғылыми редакторы, философия, құқық және әлеуметтануредакциясының меңгерушісі, жауапты хатшысы, бас директордың орынбасары,1992-1999 жылдары - шағын кәсіпорын директоры, «Атамұра» корпорациясыныңпрезиденті. 1999-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатыныңдепутаты болған. Заңнама және құқықтық реформа комитетінің хатшысы,Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы, 2001-2003 жылдары ҚазақстанРеспубликасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі, 2003-2007жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі және баспасөз хатшысы,Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметтерінатқарған. 2007-2008 жылдары Қызылорда облысының әкімі, 2008-2010 жылдарыҚазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі, 2010 жылдың 12наурызынан ҚР Мәдениет министрі. 2012-2013 жылдары ҚР Мемлекеттік хатшысы,2013-2014 жылдары Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі,2014 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болыптағайындалған.

Заңғылымдарының докторы, профессор. 100-ден аса ғылыми еңбектері, оның ішінде 6монографиясы жарық көрді. Ғылыми еңбектерінің негізгі бағыты мемлекет жәнеқұқық тарихы, саяси және құқықтық ілімдер тарихы, түркі халықтарының тарихы менмәдениеті, руханият пен өркениет мәселелеріне арналған. Қазақстан РеспубликасыМемлекеттік сыйлығының иегері. «Құрмет» орденімен марапатталған.

АлЛәззат Жаңылысқызы Сүлеймен 1961 жылы 10 ақпанда Талдықорған облысы Ақсу ауданыЖансүгіров кентінде дүниеге келген. Абайатындағы Қазақ педагогикалық институтының математика факультетін (1983)математика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша; Ресей мемлекеттік әлеуметтікинститутының экономика факультетін (Мәскеу қаласы, 1992) экономист-менеджермамандығы бойынша бітірген. 1977-1979 жылдары Талдықорған облысы Ақсу ауданыҚҒЗИЗ-ы Ақсу Тәжірибе жасау шаруашылығының жұмысшысы, 1983 жылдан Талдықорғаноблысы Ақсу ауданы Жансүгіров кентінде Чапаев атындағы орта мектепте математикапәнінің мұғалімі, директордың орынбасары, 1986-1990 жылдары Талдықорған облысыҚазақстан ЛКЖО Ақсу аудандық комитетінің бірінші хатшысы болған. 1992 жылданТалдықорған облыстық Жастар ісі комитетінің төрағасы, Талдықорған облыстықЖастар ісі, туризм және спорт басқармасының бірінші орынбасары, 1997 жылдан -ҚР Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің жетекші маманы қызметінатқарған. 1998 жылдан ҚР Орталық сайлау комиссиясы Аппаратының кеңесшісі,ақпараттық-талдау бөлімінің меңгерушісі, 2003 жылдан бері - ҚР Орталық сайлаукомиссиясының мүшесі. Халық депутаттары Ақсу аудандық Кеңесінің және Халықдепутаттары Талдықорған облыстық Кеңесінің (1986-1992) депутаты болып еңбекеткен.

ҚазақстанРеспубликасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері жәнеотбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымының орынбасарыболған. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «ҚазақстанКонституциясына 10 жыл» (2005), «Ерен еңбегі үшін» (2005) медальдарымен марапатталған.

Солсекілді, прокуратурадан Сенатқа қосылған Андрей Лукин 1985-1998 жылдарыҚазақстан Республикасы Ішкі істер органдарындағы қызмет жолдары басталып,Ақмола қаласы Ішкі істер Шығыс бөлімінің бастығы, Ақмола қаласы Ішкі істербасқармасының бастығы, Ақмола қаласы бойынша Мемлекеттік тергеу комитетібасқармасының бастығы, 1998-2003 жылдары-Астана қаласы тұрғын үйдепартаментінің бастығы қызметіне көтерілген.

2003жылғы шілдеден қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіӘкімшілік және құқықтық жұмыс департаментінің директоры, 2003-2005жылдары-Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі қызметінатқарған. 2005-2012 жылдары-Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа жәнесыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасыныңорынбасары, 2012-2014 жылдары-Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа жәнесыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасыныңбірінші орынбасары), 2014 жылғы желтоқсаннан бастап 2017 жылғы тамызғадейін-Астана қаласы әкімінің орынбасары, 2017 жылғы 23 тамыздан 2019 жылғы 25сәуірге дейін ҚР Бас прокурорының орынбасары болып еңбек еткен.

Соныменқатар, сенатор атанған Дана Нұржігіттің есімі көпке белгілі. Қазақ телевизиясындаорыны бар Дана Нұржігіт бірнеше интелектуалдық бағдарламаның авторы.Тележүргізушілік қызметін 24 жасында «Хабар» арнасында бастаған. «Хабар»телеарнасында 41 жасына дейін қызмет атқарған. Қазақ көрермендеріне Дананың«Дара жол» бағдарламасы етене таныс екенін айта кету керек.

АлҚанатбек Сафинов 1962 жылы Жамбыл облысында өмірге келген. Сол тұстағы Кироватындағы Қазақ мемлекеттік университетінің түлегі. Әр жылдары, Қазақстанның ГФРсауда өкілінің орынбасары (1994-1996), «Қазақстанәуе жолы» ҰАК Вице-президенті (1996-1997 ), Қазақстан РеспубликасыИнвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің Жобаларды бағалау жәнекеліссөздер жүргізу дирекциясының менеджері (03.1997-05.1997), «Қазақойл» ҰМК»ЖАҚ Заң департаментінің директоры (05.1997-10.1997), Қазақстан РеспубликасыПремьер-Министрі Кеңсесінің құқықтық сараптама бөлімінің меңгерушісі, заңбөлімінің меңгерушісі, заң, қорғаныс және құқық тәртібі бөлімінің меңгерушісі,заң бөлімінің меңгерушісі (10.1997-02.2002) қызметтерін атқарған. «ҚазТрансГаз»ЖАҚ бас директорының орынбасары (02.2002-03.2002), «Мұнай және газ көлігі» ҰК»ЖАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (2001-2002), «ҚазМұнайГаз «Барлау Өндіру» АҚДиректорлар кеңесінің мүшесі (03.2004-06.2006), «Самұрық-Энерго АҚ Директорларкеңесінің төрағасы (05.2007-05.2009), «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесініңтөрағасы (01.2009-06.2009) болған.

Соңғы жаңалықтар