Жоғарғы Рада депутаттары жұмыс күнін төбелеспен бастады

АСТАНА. Шілденің 16-сы.  ҚазАқпарат -Украинаның Жоғарғы Радасында   кезекті   жұмыс күні  төбелеспен  басталды.    Оған    бірнеше фракция  өкілдері   қатысты,

деп   хабарлайды   «Вести»  телеарнасы.

Өңірлер    партиясының  депутаттары    ертемен   әдеттегідей  парламенттік    трибунаны жауып  тастамақ болады, бірақ олардың  «орнын»    Юлия Тимошенконың  блогы  иеленіп алғанын  көреді.   Сөйтсе,  олар   парламентке  таңғы сағат  7.00-лерде келген  болып шығады.

«Өңірлер партиясының»   20 өкілі    өз мақсаттарына жетуі   үшін,     Рада спикері  Владимир  Литвин залға  кіріп,    жұмысты бастай алмауы   үшін  оның    кабинетін   жауып тастайды.   «Қамалып қалған»   спикердің    серіктестері оған  көмекке  келіп,  есікті  ашуға тырысады. Оның соңы төбелеске  ұласады.

Нәтижесінде спикер кабинетінен    шығып,  залға кіре алады.   Ол  келгенше,  Ю.Тимошенконың   жақтастары    трибунаны  ашып,  В.Литвинге    парламент  мәжілісін     ашуға   мүмкіндік береді.

Украина   парламенті   соңғы аптада     іс жүзінде   жұмыссыз отырғанын    айта кету  керек.   Депутаттар      қарсыластарының  әрекеттеріне  наразылық білдіріп,  не     залды  тастап шығып  кетеді,  не   трибунаны    жауып тастайды.    Мысалы, Өңірлер  партиясы    бірнеше министрді    қызметтерінен алып  тастауды, сондай-ақ    әлеуметтік  стандарттарды арттыру  туралы заңды  қабылдауды талап  етіп, парламенттің  жұмысына кедергі келтіруде.