Украинадағы зейнет реформасы туралы заңда, атап айтқанда, әйелдер үшін зейнет жасын - 55 жастан 60 жасқа дейін көтеру қарастырылған. Оған қоса, мемлекеттік қызметте істейтін ер азаматтардың зейнетке шығу жасын 60 жастан 62 жасқа дейін көтеру белгіленіп отыр.
Айта кету керек, бұған дейін Литва мен Латвия елдері және Еуроодақтың экономикалық көшбасшы елдерінің бірі саналатын Франция мемлекеті зейнет жасын көтерген болатын.