Жоғарғы сот аудандық, қалалық және оларға теңестірілген сот төрағаларының лауазымды қызметін атқару мерзімін 3 жылға дейін қысқартуды ұсынады

ТАНА. 25 қазан. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Жоғарғы сот аудандық, қалалық және оларға теңестірілген сот төрағаларының лауазымды қызметін атқару мерзімін 3 жылға дейін қысқартуды ұсынады.

Бұл туралы бүгін Үкімет мақұлдаған «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» ҚР-ның Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Конституциялық заңының жобасын таныстырған ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Бектас Бекназаров мәлім етті.

«Облыстық соттарда апелляциялық сот алқасын құру қажет. Нақтылай түссек, апелляциялық сот алқасы азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істер бойынша алқаларға бөлінеді. Осылайша мамандандыруды одан әрі тереңдету желісі жалғасатын болады», - деп атап өткен оның пайымынша, кассациялық сот алқасына облыстық соттардың төрағалары басшылық жасауы қажет.

Қазіргі уақытта бұндай тәжірибенің жоқ екендігін баса айтқан ол: «Облыстық соттардың төрағалары сот ісін қараудан бөлектенген және олар іс жүзінде шаруашылық-құрылыс, кадр, қамтамасыз ету сынды мәселермен айналысуда. Дегенмен облыстық сот төрағалары судья болып табылады және өздерінің қызметтерін атқаруға міндетті», - деді.

Б.Бекназаровтың атап өтуінше, ағымдағы жылдың тек 5 айында ғана Жоғарғы сот аудандық және одан төмен тұратын соттардың 158 сот актісін қарастырған. Бұл орайда 57 млрд. теңге сомасына мемлекеттікңмүддесі қорғалған.

Сонымен қатар Жоғарғы сот төрағасы таныстырған заң жобасында аудандық, қалалық және оларға теңестірілген сот төрағаларының лауазымды қызметін атқару мерзімін 3 жылға дейін қысқарту көзделген. «Қазіргі уақытта бұл мерзім 5 жылға дейін», - деді ол.