Жоғарғы сот ғимаратында Конституция күніне арналған салтанатты жиын өтті

АСТАНА. Тамыздың 28-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Астанада Жоғарғы сот жанындағы Сот әкімшілігі комитетінде Конституция күніне арналған салтанатты жиын өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Аталмыш шараға Жоғарғы сот, Бас прокуратура, Конституциялық кеңес өкілдері, сондай-ақ еліміздің құқық және заң  салаларында ұзақ жылдар еңбек етіп, конституционализмнің дамуына ерен үлес қосқан мамандар мен заңгер ғалымдар қатысты. Олардың арасында заң ғылымның кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «Мемлекеттік құрылыс және құқық» кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қызметкер Николай Акунин Ата заңымыздың қабылдануы мен қалыптасу тарихы жөнінде заңгер мамандарға арнайы дәріс оқыды. Сондай-ақ шара барысында Сот әкімшілігі комитетінің бірқатар қызметкерлері Мақтау грамоталарымен және өзге де  сыйлықтармен марапатталды. Мереке соңы бүгінгі шараға арнайы дайындалған концертке ұласты.