деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
Жоғарғы сот сатысы басқа адамдар тұтынған электр энергиясының құнын тұтынушылардың есебіне қосуды көздейтін «Қалалық электр желілері» АҚ әрекеттерін нақты заңдастырып берген күшіне енгізілген сот шешімдерінің заңсыз екендігі туралы наразылықтағы дәйектерге қолдау көрсетті. Бұл олардың көппәтерлі тұрғын үй қоры бойынша берген және бөлген электр энергиясының нақты көлемін баланстық тиесілі шекарада орналастырылған трансформаторлардағы емес, коммерциялық есепке алу аспаптары бойынша есептеу нәтижесінде туындады. Соның нәтижесінде «Қалалық электр желілері» АҚ ұсынған деректер бойынша электр энергиясының көлемі мен «Астанаэнергосбыт» ЖШС арасында болмауы тиіс айырмашылық пайда болған. Ал бұл, көппәтерлі үй тұрғындарының өздері нақты тұтынбаған электр энергиясының артық көлемін төлеп отырғандарын білдіреді.
Сонымен бірге, қадағалау алқасы дауды дұрыс шешу үшін сараптама жүргізуді қажет деп тапқандықтан, Жоғарғы Сот істі қайта қарауға жіберді. Қаралып отырған даудың әлеуметтік жағынан өткірлігін ескере отырып, прокуратура органдары алдағы уақытта да осы іс бойынша өздеріне Конституциямен жүктелген қадағалау функцияларын жүзеге асыра беретін болады.