Кездесу барысында Қ. Мәми екі ел арасындағы қарым-қатынас өзара түсіністік пен сенім жағдайында дамып отырғанын атап өтті. Египет Қазақстанның Солтүстік Африкадағы басты серіктестерінің бірі болып табылады.
Әңгімелесу барысында тараптар кездесудің негізгі мәселесі - Египет Араб Республикасы Жоғарғы Конституциялық Сотының Төрағасы Әбдел Вахаб Әбдел Разем Хасанның 2017 жылдың наурызында Қазақстанға жасалатын сапарын талқылады.
Іс-шара соңында тараптар екі елдің жоғарғы сот органдарының ынтымақтастығын одан әрі жалғастырудың тәжірибесімен, ақпаратпен және жетістіктермен өзара алмасуға тиімді жағдай жасау тұрғысындағы маңыздылығын атап өтті.