Жоғарғы Сот төрағасы Сауд Арабиясының Бас прокурорымен кездесті

ТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы / - Бүгін Жоғарғы Сот төрағасы Бектас Бекназаров Сауд Арабиясының Бас прокуроры Мохаммад бин Фахд әл-Абдуллахпен жүздесті.

Кездесу барысында Жоғарғы Сот төрағасы Қазақстанның сот құрылымы, алдағы қойылып отырған мақсаттар мен сот жүйесін жетілдіруге бағытталған қадамдар туралы әңгімелеп берді.

«Қазақстан биыл өзінің 20 жылдығын атап өтуде. Бұл біз үшін ұлы оқиға. Қазақстанның сот жүйесі өзінің даму жолын айқындап, жыл өткен сайын жетіліп келеді», - деді Б. Бекназаров.

«Жақында Қазақстан Халықаралық судьялар қауымдастығына енді. Халықаралық қауымдастық осылайша Қазақстанның сот жүйесін қалыптасқан, толымды және жетілген жүйе ретінде таныды»,-деді Б. Бекназаров.

Өз кезегінде Мохаммад бин Фахд әл-Абдуллах, Қазақстан мен Сауд Арабиясы сот жүйелерінде ұқсастық көп екендігін атап көрсете отырып, екі елдің сот жүйесі бұдан былай өзара ынтымақтастықта болады деген сенім білдірді.