Бұл туралы бүгін ҚР Судьяларының VІ съезінде Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми айтты.
«Біз қағазсыз технологияны жаппай енгізуге қол жеткізетін боламыз. Сонымен бірге электронды құжат айналымын енгізу біздің алдымызға бірқатар қосымша міндеттер жүктейді», - деді Қ.Мәми.
Мәселен, Жоғарғы сот төрағасының атап өтуінше, құжат айналымын бағдарламалық қамтамасыз етуді әртүрі құқық қорғау органдарымен біріктіру мәселесі шұғыл шешуді қажет етеді. Сондықтан оны реттеудің бірыңғай нормативтік-құқықтық негіздері қажет.