Бұл туралы ол бүгін ҚР Сенатының жалпы отырысында сот саласындағы заңнамалар бойынша баяндама жасағаннан кейін айтты.
«Мен Қазақстан халқының алдында сот жүйесінде орын алып келе жатқан кемшіліктер үшін кешірім сұраймын. Мемлекет тарапынан біз үшін қазір барлық жағдайлар жасалып отыр»,-деді Жоғарғы Сот Төрағасы.
Осы орайда ол сот жүйесіндегі кемшіліктер кейіннен сот жүйесінің өзімен түзетілгенін атап өтті. «Атап айтқанда, Жоғарғы Соттың пленарлық отырысында біз мәселенің мән-жайын тексеріп, кемшіліктерді заңдылық түрде орнын толтырдық. Осы арқылы Жоғарғы Сот қателіктерді түзетуге және оған бұдан кейін де жол бермеуге қауқарлы екенін тағы да дәлелдеді»,-деді Б. Бекназаров.