«Сарапшылардың соның ішінде шетелдік сарапшылар тарапынан сынға ұшырап келген және бір мәселе -толыққанды сот актілер банкінің жоқтығы. Бұл істі аяқтауды тапсырамын. Біз жұртшылыққа, ең бірінші кезекте мүдделі заңгерлер қауымдастығына қазақстандық әділсот жүйесінің ең озық сот тәжірибелерін қолдану мүмкіндігін ұсынуға тиіспіз», - деді Қайрат Мәми. Бұдан бөлек, Төраға сот құрылысының жаңа құрылымын құқықтық, ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауды тапсырды. «Департамент басшылары мен облыстық сот кеңсе басшыларына электрондық классификатордың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді жүктеймін. Бұның бағдарламалық мазмұны жетілдірілуі шарт», - деді Қ. Мәми.
14:28, 22 Шілде 2015
Жоғарғы Сот төрағасы толыққанды сот актілері банкін аяқтауды тапсырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін республика соттарының 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмыс қорытындыларына арналған кеңейтілген кеңесте ҚР Жоғарғы Сот төрағасы Қайрат Мәми толыққанды сот актілері банкін құруды аяқтауды тапсырды.