Бұл туралы бүгін БАҚ өкілдеріне ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы Бектас Бекназаров мәлім етті.
«В. Козлов ісі бойынша жеке отырыс өтеді. Ол жайында сіздер құлақдар боласыздар. Сот залына да қатысып, тыңдап В. Козлов ісіне қатысты мәселенің мән-жайын халыққа жеткізе аласыздар. Менің ойымша, шілде айының ішінде В. Козлов ісі қаралады. Біз қазіргі уақытта істі талап еттік. Оның қадағалау қолдаухаты зерделену үстінде. Біз оны объективті түрде қарастырамыз»,-деді Б. Бекназаров.