Күн тәртібіне Жоғарғы соттың төрт нормативтік қаулы жобасы қойылған. Олар: жаңадан ашылған деректер бойынша сот актілерін қайта қарау туралы; қылмыстық істер бойынша процестік шығындардың өндірілуі; корпоративтік даулар бойынша заңдардың қолданылуы; акционерлік қоғамдар туралы заңнаманы қолдану.
Ертеңгі отырыста, бұдан бөлек, бірқатар нормативтік қаулылардың күшін жою мәселесі де қаралады.
Отырыстың тікелей трансляциясын Жоғарғы соттың Facebook парақшасынан және YouTube-арнасынан, сондай-ақ жоғарғы сот органының сайты мен «Zakon.kz» порталынан көруге болады.