Жоғарғы Сотта соттардың дауларды шешудің баламалы тәсілдерін дамыту мәселесі талқыланды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттар қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы Ілияс Испанов құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерімен дауларды шешудің баламалы тәсілдерін қолдану саласын кеңейту мәселесі бойынша жиналыс өткізді.

Кездесуде сөз сөйлей отырып, І.Испанов Жоғарғы Соттың Төрағасы сот ісін жүргізуде медиативтік рәсімдерді қолдануға, жергілікті және басқа да соттардың жұмысын бағалау кезінде олардың маңыздылығына аса назар аударатынын атап өтті.

Жоғарғы Сот тұрақты негізде бітістіру рәсімін сот практикасында қолдануды зерделеуде. Мәселен, ағымдағы жылдың 5 айының статистикасы бойынша республика соттарының дауларды баламалы тәсілдермен шешуді қолдана отырып аяқталған қаралған азаматтық істерінің саны 1,8 есеге өскен, медиативтік рәсімдерді қолдана отырып аяқталған қаралған қылмыстық істерінің саны  1,7 есеге өскен.

Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарының медиацияны кеңінен таратуы бойынша оң тәжірибесі зерделенді. Жергілікті соттардың әкімдіктермен бірлесе отырып медиация кабинеттерін ашу, облыстық сот, әкімдік және қоғамдық ұйымдар арасында бітістіру рәсімі институтын дамыту бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарды бекіту жөніндегі жүргізілген жұмысы атап көрсетілді.

«Әкімдіктер жанындағы құрылған медиация кабинеттері, сөзсіз, соттардан үлкен арақашықтықта орналасқан халықтың әлеуметтік қорғалмаған тобын қолдау, сонымен қатар сот және көлік шығындарын үнемдеу болып табылады. Әкімдіктер жанындағы құрылған медиация кабинеттері азаматтарға тұрғылықты жерінен шықпастан, көрсетілген делдалдарға жанжалды шешу және бімгершілікке қол жеткізу бойынша жүгіну мүмкіндігін береді», - деді І.Испанов. Ол БАҚ-тарда дауларды баламалы шешу тәсілдерінің, оның ішінде мемлекеттік бажды төлеуге байланысты жеңілдік шарттары бойынша басымдықтары туралы түсіндірме жұмыстарын жалғастыру қажеттелігі туралы атап көрсетті.

Жиналыста сондай-ақ жергілікті соттардың жұмысын бағалаудағы жаңа редакцияда бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардағы азаматтық істер бойынша бітістіру рәсімінің қолдануы жеке ескерілетіні атап өтілді.