Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына жаңа төраға тағайындалды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Жоғарғы сот төрағасының міндетін атқарушы Айгүл Қыдырбаева жоғары сот органының ұжымына Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының жаңадан тағайындалған төрағасы Әбдірашит Жүкеновті таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат сілтеме sud.gov.kz жасап.

«Біз Әбдірашит Төлегенұлын жақсы білеміз. Ол ұзақжылдар бойы еліміздің сот жүйесінде, сондай-ақ прокуратура және қаржы полициясыоргандарында қызмет атқарды. Ол бұрын да осы алқаны басқарған. Білікті әрітәжірибелі басшы», - деді А. Қыдырбаева.

Әріптестері Ә.Жүкеновті жаңа лауазымғатағайындалуымен құттықтай келе, оған қызметте табыс, алға қойған мақсаттарынақол жеткізуін тіледі.


Әбдірашит Төлегенұлы 1959 жылы Талдықорғаноблысында (қазіргі Алматыоблысы) дүниегекелген.

С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетініңзаң факультетін бітірген соң ҚазССРЖоғарғы сотыныңшағымдарға жауап беру бөлімінің консультанты болып істеді.

1987-1988 жылдары – ҚазССР Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі соталқасының аға консультанты.

1988-1996 жылдары – Шығыс Қазақстан облыстық сотыныңмүшесі, төраға орынбасары және ҚР Жоғарғы сотының мүшесі.

1996-2001 жж. – ҚР Жоғарғы сотының судьясы.

2001-2005 жж. – ҚР Бас прокурорының орынбасары.

2005-2010 жж. – ҚР Жоғарғы сотының Қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы.

2010-2014 жж. – ҚР Жоғарғы сотының судьясы.

2014 жылдың шілдесі мен қазаны аралығында ҚазақстанРеспубликасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күресагенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2014 жылдың қазанынан 2019 жылдың шілдесіне дейін –ҚР Жоғарғы Сотының судьясы.

Үшінші дәрежелі әділет мемлекеттік кеңесшісісыныптық шенінің иегері. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл»,«Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы»,«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан РеспубликасыныңТәуелсіздігіне 25 жыл» медальдарымен және II дәрежелі «Данқ» орденіменмарапатталған. Судьялар одағының «Үш би» құрмет белгісінің иегері.


Соңғы жаңалықтар