Жоғарғы соттың төрағасы М.Әлімбеков Ресей құқықтық сот академиясының ректоры Валентин Ершовпен кездесті
19:45, 19 Мамыр 2009
АСТАНА. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ – ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Мұсабек Әлімбеков Ресей құқықтық сот академиясының ректоры Валентин Ершовпен кездесті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Кездесу барысында нормативтік құқықтық және жеке соттық реттеу, соттардың және сот қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыру, сондай-ақ сот білімін беру стратегиясының мәселелері талқыланды. В.Ершов сонымен қатар, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының қазақстандық құқықтық сот институтында болып, студенттерге «Ресей Федерациясының Конституциясын тікелей қолдану» деген тақырыпта баяндама оқиды. Ол сонымен қатар, жергілікті соттардың судьяларымен бірлесіп өткізілетін «дөңгелек үстелге» қатысады. Сапар бағдарламасында ? Астана қаласының сотында болу көзделген, қонаққа білім беру бағдарламасы бойынша елордадағы оқу орталығы таныстырылады.