Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен Әмірбекұлы Ержан ведомствоның Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлайды.

Фото: Үкімет

1976 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1998 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде оқытушы болып бастаған.

2004–2014 жылдары — Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің аға оқытушысы, профессор, кафедра меңгерушісі.

2014–2015 жылдары – ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы басқармасының жетекшісі.

2015–2018 жылдары – Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті Халықаралық бизнес мектебінің директоры, Академиялық қызмет және ғылым жөніндегі проректоры.

2018–2020 жылдары — Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры.

2020–2021 жылдары — Тараз өңірлік университеті ректорының міндетін атқарушы, ректоры.

2021–2022 жылдары — ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары.

2022–2025 жылдары – «Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» КеАҚ басқарма төрағасы – ректоры.

2025 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін «Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» КеАҚ басқарма төрағасы – ректоры қызметін атқарды.