Жоғары білімі жоқ әнші Эдинбург университетінің ғылым докторы атанып, Гиннестің рекордтар кітабына енді

АСТАНА. 9 шілде. ҚазАқпарат - і әнші Сьюзан Бойлға шығармашылық өнерді дамытуға қосқан үлесі үшін  жоғары білімінің жоқтығына қарамастан құрметті ғылым докторы дәрежесін берді.

 Бойл кезінде Эдинбург университетіндегі әлеуметтік қызметкер курсын ғана тәмамдаған.

Шотландиялық үй шаруасындағы әйел Сьюзан Бойл «Британия дарындарды іздейді» (Britain's Got Tallent) телебайқауында «Отверженные» операсынан үзінді орындап, жұртшылықты тамсандырған еді.

Естеріңізде болса, оның әндері  2009 жылғы  ең сәтті дебютке айналды. Ол  орта жастағы осындай аса ірі жетістікке жеткен әнші ретінде Гиннестің рекордтар кітабына да енді.