НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысушы елдердің басшыларына Елбасының «Н. Ә. Назарбаевтың еуразиялық бастамалары: тарихы, жағдайы және перспективалары» атты кітабы тарту етілді. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай «Твиттердегі» парақшасында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Н. Ә. Назарбаевтың Еуразиялық бастамалары: тарихы, жағдайы және перспективалары» кітабы - Елбасының бүгінгі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысушы елдердің басшыларына ұсынған сыйы», - деп жазды Айдос Үкібай «Твиттерде».
Бұған дейін хабарлағанымыздай, аталмыш шарада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті төрағасы атағын беру ұсынылған болатын.
Есімжан Нақтыбай
16.01.1987ж. Монғолияның Баян-Өлке аймағында туған. 1992 жылы Қазақстанға қоныс аударып, ШҚО, Катонқарағай ауданында орта мектепті тәмамдаған. Тілшілік жолы ШҚО Глубокое ауданындағы "Ақ бұлақ" газетінде басталған.