Жоғары хоккей лигасы «ЖХЛ - Жібек жолы кубогына» айналды
12:02, 21 Шілде 2018
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудегі Ресей Хоккей федерациясының кеңсесінде Жоғары хоккей лигасының күнтізбесі бекітіліп, лиганың атын өзгерту туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «SPORTINFORM» САА-ға сілтеме жасап.
Жоғары хоккей лигасы жаңа маусымнан бастап «ЖХЛ - Жібек жолы кубогы» деп аталады.
Жаңа бекітілген күнтізбеге орай, Қарағандының «Сарыарқа» және Өскеменнің «Торпедо» командалары 6 қыркүйекте маусымдағы алғашқы кездесуде бақ сынайды.