Жоғары лауазымды қытайлық шенеунік 15 жылға сотталды

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - ҚХР Гуанси-Чжуан автономиялық өлкесі Халықтық саяси консультативтік кеңесінің бұрынғы төрағасы Ли Дацю пара алғандығы үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады қытайлық БАҚ.

Тергеу барысында 2003 жылдан бастап 2013 жылға дейін ол қызметтік лауазымын пайдаланып, 17 компания мен жеке тұлғалардан жалпы сомасы 10,95 млн. юань (1,78 млн. АҚШ доллары) пара алғаны анықталды.