«Қайтадан сенім көрсеткені үшін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының атына шексіз алғыс білдіргім келеді. Бұндай жоғары лауазымға қайтадан сайлану мен үшін үлкен жауапкершілік. Сондай-ақ Елбасының бұл сенімін басқа да депутаттармен ынтымақтаса отырып күнделікті тындырымды еңбектерімізбен ақтаймыз деп ойлаймын», - деді Қ.Мәми. Сондай-ақ спикер Президент Парламенттің алдына үлкен тапсырмалар жүктегенін, оны атқару үшін алда абыройлы жұмыстар күтіп тұрғанын жеткізді.
16:58, 24 Қараша 2011
Жоғары лауазымға қайтадан сайлану мен үшін үлкен жауапкершілік - Қ.Мәми
ТАНА. 24 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Жоғары лауазымға қайтадан тағайындалу мен үшін үлкен жауапкершілік. Бүгін ҚР Парламенті Сенатының төрағасы лауазымына Мемлекет басшысының ұсынуы бойынша қайта сайланған Қайрат Мәми осылай мәлім етті.