Жоғары лига жеңімпаздарын жанкүйерлері әуежайда күтіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейде өткен КВН-2017 Жоғары лигасында чемпион атанған «Спарта» командасын жанкүйерлері әуежайдан күтіп алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Команданың әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жеңімпаздарды қазақстандықтардың қалай қарсы алғандығы туралы видео жарияланды.

Айта кетейік, танымал КВН ойыншысы  Нұрлан Қоянбаев «Спартаның» бұл жеңісіне «құрметке лайық» деп баға берді.