Жоғары лиганың А тобындағы ерлер командалар арасындағы 2-тур ойындары аса тартысты өтуде

АЛМАТЫ. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Волейболдан Павлодарда өтіп жатқан Жоғары лиганың А тобындағы ерлер командалары арасындағы XIX ел чемпионатының 2-туры аса тартысты өтіп жатыр.

Кеше онда бұған дейін жеңіліссіз келе жатқан жарыс қожайындарының "Ертіс-АО АҚ" командасы астаналық "Ұшқын-Искраға" 2:3 есебімен есе жіберді. Ал бірінші турда топ жарғанымен алдыңғы күні павлодарлықтардың осал тұсын таба алмаған шымкентіктер Қызылжардың "Есіл-Викториясынан" 2:3 есебімен ұтылды. Екінші турдың ақырғы ойыны 10 желтоқсанда өтеді.

Жалпы 1-турда шымкенттікттер 21 ұпаймен - бірінші, астаналықтар 17 ұпаймен - екінші, оралдықтар ("Жайық-Конденсат") - үшінші, павлодарлықтар төртінші орын алған болатын. Ал 1 ұпаймен соңғы 8-ші орынды қанағат тұтқан Алматының "ЦСКА-Алматы" клубы бұл жолы өз нәтижесін біршама жақсартып алды. Олар алматылық "ҚазҰАУ"(3:0) мен қызылжарлық "Есіл-Викторияны" (3:1) ойсырата ұтып, қоржынын қомақты ұпайларын салды.