4 желтоқсан күні жалауын көтерген бұл сайыс жұма күні аяқталады. Алғашқы 3 күннің қорытындысы бойынша қазір Шымкенттің «ЮКГУ-Қазығұрт» пен Павлодардың "Ертіс-АО АҚ" командалары ғана жеңіліссіз келе жатыр. Олардың қайсысы мықты екені енді бүгінгі шешуші ойында белгілі болады.
Жалпы алғашқы турда шымкенттіктер 21 ұпаймен турнир кестесінде бірінші, ал павлодарлықтар 13 ұпаймен төртінші орын алған болатын.
17:48, 07 Желтоқсан 2010
Жоғары лиганың А тобындағы ерлер командалары арасында шымкенттік волейболшылар ел чемпионатының 2-турында көш бастап келеді
АЛМАТЫ. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Павлодарда өтіп жатқан Жоғары лиганың А тобындағы ерлер командалары арасындағы XIX ел чемпионатының 2-туры Павлодар облысы волейболшыларының ардагері Василий Щербинконы еске түсіруге арналып отыр.