Жоғары лиганың Б тобында семейлік волейболшылар 4-турдан бері көшбасшылықты жалғастырып келеді

АЛМАТЫ. 17 наурыз. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Теміртауда волейболдан Жоғары лиганың Б тобында ерлер командалары арасында ХІХ Қазақстан чемпионатының 4-тур ойындары өтіп жатыр.

Алғашқы 2 күннің қорытындысы бойынша «Семей» мен «Тараз-ТарГУ» командалары ғана жеңіліліссіз келеді. Семейліктер Өскеменің «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс-2»(3:2) пен Қостанайдың «КинЭУ» (3:0), тараздықтар астаналықтар мен Қызылорданың «Қорқыт-Ата КМУ» волейболшыларын (3:0) ұтты. Ақтық сындар енді 21 наурыз күні өтеді.

3-турда семейліктер 56 ұпаймен бірінші, өскемендіктер 46 ұпаймен екінші, тараздықтар 43 ұпаймен үшінші, хромтаулықтар (ТНК Қазхром-2) 37 ұпаймен төртінші, теміртаулықтар (ВСМК-Арселормиттал) 29 ұпаймен бесінші орын алды. Ал соңғы 3 орынды қызылордалық (27 ұпай), астаналық (9 ұпай) және қостанайлық спортшылар өзара бөліскен еді. Жалпы 5 турдан тұратын ел чемпионаты айналым жүйесі бойынша өтіп жатыр.