Бұл туралы бүгін BNews.kz порталында өткен он-лайн конференция барысында Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.
«Бүгінгі күні біз Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын тапсырмаларды жүзеге асыру үшін алдымызға бірқатар міндеттерді қойып отырмыз. Атап айтқанда, елімізде ұлттық зерттеу университеттері қызмет етулері және олардың саны 3-тен аспаулары да қажет. Жалпы, елімізде 9 ұлттық университет және ең көп дегенде 40 басқа университеттер болуы тиіс», - деді Б. Жұмағұлов. Сонымен қатар, министр аталған университеттер ғылыми базаларының, жоғары білікті мамандарының болуы арқылы өздерінің мәртебелерін нақтылаулары тиістігін де атап өтті. «Егер бұлар университеттерге қойылатын талапқа сай келмесе, онда институт санатына ауыстырылады. Ал солардың арасында жоғары оқу орындары алдына қойылатын өлшемдерге мүлдем жанаспайтындары колледж мәртебесіне дейін төмендетіледі», - деді Б. Жұмағұлов.
Бұдан бөлек, министр ағымдағы жыл барысында атқарылған шараларға қорытынды шығарылатынын атап өтті. Сонымен қатар, бұндай шараның бірқатар уақытты қажет ететініне де назар аударды. «Өйткені, оңтайландыруға жататын жоғары оқу орындарының мұғалімдерін де жұмысқа орналастыру қажет, ондағы студанттерді де басқа білім нысанына ауыстыру керек. Сондықтан да, менің ойымша елімізде қолға алынған жоғары оқу мекемелерін оңтайландыру шарасы келесі оқу жылының соңына дейін жалғасатын болады», - деді Б. Жұмағұлов.