Жоғары оқу орындарына дербестік беруге көшу басталды

АСТАНА. 20 тамыз. ҚазАқпарат - Жоғары оқу орындарына автономия беруге көшу басталды. Бұл туралы бүгін Жоғары білім беру көшбасшыларының Еуразиялық форумы барысында ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.

«Жоғары оқу орындарына дербестік беруге көшу және оларды басқарудың жүйесін өзгерту басталды. Біздің алдыңғы қатарлы оқу орны - Назарбаев Университеті толығымен дербес жұмыс істейді. Атап айтқанда бұл әлемдік университеттердің қызметінің негізгі ұстанамы. Қазіргі кезде басқа жоғары оқу орындарына дербестік беру жұмыстары қарастырылуда және ол 2014 жылдан бастап кезең-кезеңімен жүзеге асатын болады», - деді министр.

Бүгінде 4 ұлттық университетте өкілеттілігі заңнамалық түрде бекітілген байқаушы кеңестер бар. Сонымен қатар қамқоршылық кеңестердің өкілеттілігі қайта қаралуда.