Бұл студенттердің өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Алайда оқу ордаларында қазақ тілді оқулықтар тым аз. Бұл жайында бүгін ЖОО қауымдастығының президенті Рахман Алшанов Алматыда өтіп жатқан жоғары оқу орындарының оқулықтары жөніндегі республикалық конференция барысында айтты.
Р.Алшанов кітаптың сапасын былай қойғанда, кітаптың өзі де жоқ екендігін айтады. «Еліміздегі қазақ тілді оқулықтар 7 пайызға да жетпейді. Сондықтан бүгінгі басқосудың негізгі міндеті - жоғары оқу орындарын мемлекеттік тілдегі базалық оқулықтармен әрі қарай қамтамасыз етудегі мәселелерді қарау», - дейді Р.Алшанов.
«Кейбір ЖОО-да оқытушылар кітап жазғанымен, ол басқа ЖОО-ның студенттеріне жете бермейді. Сондықтан былтыр еліміз бойынша электронды кітапхананы іске қосқан едік. Бірақ бұл өте жауапкершілікті қажет етеді. Жақында қазақ тілді оқулықтарды шығаруға Білім министрлігі бірінші рет 200 млн. теңге бөлсе, ЖОО қауымдастығы да қосымша дәл осы мөлшерде қаржы бөліп отыр»,- дейді Рахман Алшанов.