Жоғары оқу орындарының негізінде Тұтынушылар құқықтарын қорғау қоғамы құрылуда

АСТАНА. Маусымның 18-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Жаңа бағдарлама аясында біз еліміздегі жоғары оқу орындарының негізінде Тұтынушылар құқықтарын қорғау қоғамын құрып жатырмыз.

Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палатаның отырысында «Қазақстан тұтынушыларын қорғау» ұлттық лигасы» қоғамдық қорының президенті Светлана Савченко мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның сөзіне қарағанда, аталмыш бастама аясында білім саласындағы мамандардың кәсіби мәртебесін көтеріп, студент-жастарға қызмет көрсетіп жатқан медициналық мекемелер мен тамақтандыру орындарын сапалы деңгейге көтеру жоспарланған. «Осы жұмыстың арқасында біз студент-жастардың азаматтық ұстанымын күшейтіп, олардың бүгінгі заңнама аясындағы барлық мүмкіндіктерді пайдалануларына жағдай жасамақпыз», - дейді С.Савченко.