Жоғары санатты «Алатау» пойызы жүре бастады

None
АСТАНА. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - «Алматы - Мәскеу» бағытында жоғары санатты №7/8 «Алатау» пойызы жүре бастады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пойызға тіркелген барлық вагондар толығымен жөнделіп жаңартылды. Осы жұмысты атқару барысында вагондардың қазіргі заманға сай келетін интерьеріне баса назар аударылып, ішкі және сыртқы безендірілуі жаңа технологиялардың негізінде атқарылып отыр - пластик терезелер орнатылып, жатын орындарының барлығы қымбат былғары материалдарымен қапталды. Жоғары санатты пойыздың қызмет көрсету сапасы да жоғары болмақ. Әрбір купе-вагондарда теледидар мен бейнемагнитофон қойылып, шағын кітапхана мен шахмат сияқты ойындарды өткізуге мүмкіндік жасалған. Сондай-ақ пойызда ақпараттық-танымдық радиохабарларды жүргізу қарастырылған.