Отырыста сот төрелігін жүзеге асыру процесіне кедергі жасаудың және судьяларға қысым жасаудың алдын алу тетігін жетілдіру, сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ұсыныстар қарастырылды, судьялық басшы лауазымдарына кадр резервімен жұмыстың жай-күйі талқыланды, сондай-ақ сот жүйесінің ұйымдастыру-кадрлық мәселелері қарастырылды. Отырыс қорытындысы бойынша Жоғары Сот Кеңесінің тиісті шешімдері қабылданды және ұсынымдары берілді.
18:21, 05 Маусым 2014
Жоғары Сот Кеңесінде судьяларға қысым жасаудың алдын алу тетігін жетілдіру мәселелері қарастырылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Б.Ә.Бекназаровтың басшылығымен Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті.