Жол апатынан зардап шеккен екі бала Атбасардан Көкшетауға тікұшақпен жеткізілді

Фото: ТЖМ

АСТАНА. KAZINFORM – ТЖМ «Қазавиақұтқару» ұшқыштары санитарлық авиация дәрігерлерімен бірлесіп, 2023 және 2016 жылы туған екі баланы Атбасар қаласынан Көкшетау қаласындағы медициналық мекемеге шұғыл жеткізді.

Ұшу Атбасар ауданында болған жол-көлік оқиғасынан кейін жүзеге асырылды.

- Ұшқыштар мен дәрігерлердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында науқастар межелі жерге жедел әрі қауіпсіз жеткізілді, - деп жазды ведомстводан.

Дерекке қарағанда, ТЖМ тікұшақтары қашықтағы елді мекендер жағдайында да шұғыл медициналық көмек көрсетуге әрдайым дайын.

Айта кетейік, бұған дейін күйік шалған бала тікұшақпен Көкшетауға жеткізілді.