Жол апаты 38 адамның өмірін қиды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың оңтүстігінде өрт қауіпті сұйықтық тасымалдап келе жатқан жүк көлігі автобуспен соғысып, 38 адам қаза тапты, деп хабарлады шетелдік БАҚ.

Жол апаты Хунань өлкесінде, Шанхай-Куньмин тас жолында жұма күні кешкісін орын алған. Апат салдарынан тағы 5 адамның жарақат алғандығы туралы ақпарат бар. Екі көлікте өртеніп кеткен. Тергеу амалдары жүргізілуде.