Жол апатына себепкер болған сиырдың иесі айыппұл төледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кенеттен жолға шығып кеткен сиырдың кесірінен болған жол апатына йесі кінәлі болып шықты.

Удмуртиядағы Балезинск ауданында сот жергілікті тұрғынды жол апатына себепкер болған сиыры үшін айыппұл төлеуге міндеттеді, деп хабарлайды Izhlife.ru. порталы.

Жергілікті ауыл шаруашылығы кооперативінің бағымындағы жануар кенеттен жолға шығып кетіп, жол-көлік оқиғасының орын алуына себепкер болған.

Келеңсіз жағдай өткен жылы орын алған еді. Содан бері созылып келе жатқан іске нүкте қойылды. Сот шешімімен сиырдың иесіне 90 мың рубль айыппұл салынды.

Бір қызығы, жануар еш жарақаттанбаған.