Жол апатынан 12 бала қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанда мектеп автобусы мен пойыз соғылып, 12 бала қаза тапты. Автобус жүргізушісі де ажал құшты, деп хабарлады шетелдік БАҚ.

Жол апаты Теленган штатына қарасты Медак окургінде орын алған. Жергілікті полиция ақпаратына қарағанда, 7 мен 14 жас аралығындағы тағы 16 бала жарақат алып, ауруханаға жатқызылған.

Айта кетерлігі, Үндістан әлемдегі темір жол желісі барынша дамыған мемлекеттердің бірі әрі жол бойында дәл осындай оқиғалар жиі болып тұрады.