Жол апатында адам өліміне себепкер болған мас жүргізушіге жаза қатаң болады - И.Меркель

АСТАНА. 18 желтоқсан. ҚазАқпарат - Жол апатында адам өліміне себепкер болған мас жүргізушіге жаза қатаң болады.

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель мәлім етті.

«Ведомствоаралық жұмыс тобы егер жол апаты салдарынан адам қаза тапса әрі жүргізуші рөлде мас күйінде болса, онда бұл ауыр қылмыс саналады деп шешті. Біз 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасын белгіледік және ол ауыр қылмыс саналады. Осыған сәйкес, ауыр қылмыстар бойынша тараптардың ымыраға келуі мүмкін емес», - деді ол.

Сонымен қатар И.Меркель егер жүргізуші мас болмаса, онда тараптардың ымыраға келуі мүмкін екендігін де жоққа шығармады.