Жол апатында төрт адам қаза тапты - Ақмола облысы
10:44, 07 Шілде 2009
АСТАНА. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат - Ақмола облысында болған жол-көлік оқиғасының салдарынан төрт адам опат болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақмола облысының Сілеті ауданында, Сілеті өзені арқылы өтетін көпірде дүйсенбі күні «Тойота» және «Жигули» көліктері соқтығысып қалды. Оқиға салдарынан «Жигулидің» жүргізушісі мен екі жолаушысы, сондай-ақ «Тойота» көлігінің жолаушысы қаза болды.