Жол бөліспеген жүргізушілердің бірі екіншісін атып салды
12:33, 22 Қыркүйек 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бішкекте жолға таласқан екі жүргізушінің арасында жанжал туындап, салдарынан біреуі екіншісін тапаншамен атқан.
Милиция мәліметтері бойынша, оқиға 21 қыркүйек күні сағат 21:00-де Ахунбаева және Жукеева-Пудовкин көшелерінің қиылысында болған, деп хабарлайды Кабар.
«Хонда Фит» және «Мерседес» автокөліктерінің жүргізушілері жолға таласып, араларында жанжал туындаған. Сол аралықта бірінші көліктің жүргізушісі тапанша алып шығып, қарсыласының иығынан атқан. Ол жеңіл-желпі жарақат алған», - деп хабарлады астаналық МІІБ.
Оқиға орнына дереу жеткен милиция қызметкерлері жанжалдасқандардың екеуін де ұстады.