деп хабарлады ҚазАқпаратқа ҚР ІІМ баспасөз қызметінен.
Оқиға шілденің 26-ында, түнгі 2-лерде Павлодар-Омбы тас жолында, Железин ауданы Прииртыш кентінің тұсында орын алған. 4 белгісіз адам «Даврал Транс» компаниясының 2 жүргізушісін және Қырғызстан азаматтарын қорқытып, 65 мың теңге мен 20 мың Ресей рублі сомасындағы ақшаларын тартып алған. Келесі күні түнгі 1 шамасында осы ауданның Пятирыжск ауылында қылмыскерлер бой көрсетіп, шолақ мылтықпен Қырғызстаннан келе жатқан үлкен жүк көтеретін «Вольво» автокөлігінің 3 жүргізушісін қорқытып, 60 мың теңге мен 9 мың Ресей рублін иемденген.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қылмысқа қатысы бар Павлодар қаласының 5 тұрғыны ұсталды, олардың төртеуі бұрын сотталғандар. Ұсталғандардан «Мерседес» автокөлігі және 12-ші оқпанды шолақ аңшы мылтығы тәркіленді. Бүгінгі таңда күдіктілердің осыған ұқсас ашылмаған қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.