Жол бойындағы дәретханалардың тазалығына кім жауапты болады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жол бойындағы дәретханалардың тазалығына кім жауапты екені айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«QazAvtoJol» ұлттық компаниясының стратегиялық жоспарлау,бизнесті дамыту және ақпараттандыру департаментінің директоры Рустам Исаевтыңайтуынша, республикалық маңыздағы жолдардың бойындағы дәретханаларды тазалаудыңөз тәртібі бар.

«Республикалық жолдардың бойында 880 жабдықталмағандәретхана бар. Оның 469-ы ешқандай дәмхана мен қонақйүге бекітілмеген. Мұндай дәретханаларды тазалау «QazAvtoJol»ЖШС-нің мердігер ұйымдарына жүктелген. Дәретханалар өзі орналасқан жолдың көлікағынына байланысты аптасына бір реттен 5 ретке дейін тазаланып отыруы тиіс», -дейді ұлттық компания өкілі.

Рустам Исаев жол бойындағы дәретханалар туралы ақпаратберетін мобильдік қосымша дайындалып жатқанын айтады.

«Жол бойындағы сервис нүктелері туралы мобильді қосымша іскеқосылатын болады. Ұялы телефонға жүктеу арқылы баратын жолыңыздың қай бөлігіндежабдықталған дәретхана бар екенін, ұлттық стандартқа сай қанша дәмхана барекенін білуге болады. Осы қосымшаға жол бойындағы сервиске қатыстыкелеңсіздіктер мен сын-ескертулерді де қалдыруға болады. Бұл ақпараттаржинақталып, одан нәтиже шығарылатын болады», - дейді ол.

Айта кетсек, аталғанбрифингте жол бойында таза әрі жайлы дәретханасы жоқ сервистер сүрілуі мүмкінекені хабарланды.


Соңғы жаңалықтар