Жол бойындағы өлім-жітімнің әлемдік рейтингісі құрылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың Мичиган университетінің ғалымдарының есептеуінше, жыл сайын әлемде жол апатынан әрбір 100 мың тұрғынға есептегенде орта есеппен 18 адам құрбан болады, деп хабарлады auto.lafa.kz.

Бәрінен де жол апаттарынан Намибияда адам шығыны көп. Ал ең азы - Мальдивада. Қазақстанда 100 мың тұрғынға шаққанда жол апатында қаза болғандардың саны 22 адамды құрады. Бұл орташа көрсеткіштен жоғары.

АҚШ-та жол апатынан жыл сайын 100 мың адамға шаққанда 14 адам құрбан болады, Мексикада - 13, Аргентинада - 12, Канадада - 8, Австралия мен Францияда 7 адамнан келеді.

Посткеңестік мемлекеттер зерттеуінде келесі елдер бойынша мәліметтер келтірілген: Әзербайжанда жол апатынан 100 мың тұрғынға шаққанда орта есеппен 8 өлім жағдайы тіркелген, Түркіменстанда - 10, Өзбекстанда - 11, Грузияда - 12, Белорусь елінде - 19, Украинада - 20, Қырғызстанда - 21, Ресейде - 24.