«Хонда Цивик» көлігінің иесі, жол ережесін бұзудан қала бойынша рекорд орнатқан. 3 жыл ішінде 25 жастағы көлік жүргізуші әйел жол ережесін бұзғаны үшін 55 рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның көлігі арнайы автотұраққа қойылды. Енді ол барлық айыппұлмен қоса, көлігінің арнайы тұрақта сақталғаны үшін ақы төлейді. Егер барлығын төлемеген жағдайда, көлігін сату үшін бағалау туралы қаулы шығарылады.
09:41, 09 Қараша 2015
Жол ережесін бұзудан рекорд орнатқан келіншек көлігінен айырылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бурятия астанасы Улан-Удэде қаласында көлік жүргізуші әйел үш жылда 55 рет жол ережесін бұзып, көлігінен айырылды, деп жазады arigus-tv.ru.