Тексеру нәтижесінде құқық бұзушылық жасаған 8 жас жүргізуші анықталып, заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар жол ережесін бұзып, басқа жүргізушілерге қауіп төндіріп, авариялық жағдай туғызған.
Полиция жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты тәулік бойы үздіксіз жүргізеді. Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың әрбір дерегі бойынша заң аясында тиісті шаралар қабылданады.
Сақшылар азаматтарды, әсіресе жас жүргізушілерді, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, өз өмірі мен өзге жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Айта кетейік, Павлодар облысында бір тәулікте 433 жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі тіркелді.