Бұл туралы ақпарат құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының qamqor.gov.kz порталында жарияланды. Ондағы мәліметке сәйкес, іс 2026 жылдың 14 қазанында тіркелген. Бастамашы — Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, ал іздестіру жұмыстарын Алматы қаласы Алмалы аудандық полиция басқармасы жүргізіп жатыр.
Блогер іздестірілуінің себебі ашық дереккөздерде көрсетілмеген. Осыған байланысты Kazinform агенттігі Алматы қаласының полиция департаментіне сауал жолдады.
Еске салайық, Назар Роллан әлеуметтік желілерде жол қозғалысы қағидаларын бұза отырып түсірген бейнероликтері арқылы танылған. Мәселен, 2018 жылы ол Әл-Фараби даңғылында көлікті қарсы қозғалыс жолағымен жүргізіп, әрекетін камераға түсірген. Кейін 1998 жылғы жүргізушіге қатысты бес әкімшілік хаттама толтырылды.
2019 жылы Назар Роллан тағы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Porsche автокөлігін басқарған блогерді полиция қызметкерлері Достық көшесі мен Абай даңғылының қиылысында тоқтатқан. Ол ҚР ӘҚБтК 608-бабының 6-бөлігі бойынша, яғни көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Бұған дейін Алматыда бейәдеп сөздермен контент түсіретін екі блогер қамалды.