Жол картасы ауқымында Ақтөбе облысында 4731 адам қайта даярлықтан өтеді
19:31, 13 Мамыр 2009
АҚТӨБЕ. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Жол картасын жүзеге асыру ауқымында Ақтөбе облысында «Мамандар дайындау және қайта даярлау» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2009 жылы жалпы сомасы 474 млн. теңгеден асатын 4731 адамды қайта даярлау жоспарланған,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Білім беру басқармасының мәліметі бойынша, жұмыстан босап қалған 3392 адамды қайта даярлау, босаған орындарды толтыру үшін 208 адам, мыңнан астам адам экспорттық мамандықтарды игеру және 71 қазақстандық маман шетелдік мамандарды алмастыру мақсатында қайта даярлықтан өтеді.Қайта даярлықтан өткізу негізінен техникалық және кәсіби білім беретін 17 оқу орындарында өткізіледі. Таяуда «Жол картасын» жүзеге асыру үшін жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, білім басқармалары және аталған оқу орындары арасында өзара ынтымақтастық туралы үш жақты келісімге қол қойылды.Мамырдың 20-сынан бастап «Жол картасы» ауқымында 833 адамды қайта даярлықтан өткізу басталады.