Жол картасы ауқымында Семейде 74 жоба жүзеге асырылады

None
СЕМЕЙ. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Семейде Жол картасы бойынша жаңартуға жататын 74 нысан белгіленді, сондай-ақ 105 нысанда ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығының мәліметтеріне қарағанда, осы жылғы наурыздың 2-сіне дейін 2484 жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

Жол артасы ауқымында 2010 жылы барлық жобаларды қаржыландыруға республикалық трансферттерден 1 млрд. 110 миллион 900 мың теңге бөлінеді, оның үстіне 595 миллион теңгеден астам қаржы қалалық қаражат есебінен қосымша қарастырылады. Жол картасы жобаларына тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, абаттандыру, жол-жөндеу жұмыстары, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет салаларының нысандарын жөндеу енгізілді.

Бүгінгі таңда өңірде Жол картасы жобаларын жүзеге асыру жөнінде конкурстық хаабарламалар жариялау рәсімі аяқталды.